Қазақстандық әуе компаниясы Air Astana тұрақсыз жағдайға байланысты Қарабақ аймағын айналып ұшатын болады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Air Astana әуе компаниясының бүгін, қыркүйектің 19 күнгі хабарламасында: «Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты «Эйр Астана» әуе компаниялары тобының Түркиядан, Еуропадан және Израильден рейстері осы аумақ арқылы жүзеге асырылады. Әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалап отыр және ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда», — деп жазылған.
Әзірбайжан бүгін, 19 қыркүйекте Таулы Қарабақта лаңкестікке қарсы операция жариялады.



















