Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бастаған Ресей Қорғаныс министрлігінің делегациясы кеше, сейсенбі күні Иран астанасы Теһран қаласына келді.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағеридің ресми шақыруымен Иранға мемлекеттік сапармен барды.
Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Теһранда өзінің ирандық әріптесі Мохаммад Реза Аштиянимен кездеседі.
Tasnim агенттігінің мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар аймақтағы жағдайды және қорғаныс саласындағы екіжақты қатынастарды талқылайды. Атап айтқанда қорғаныс дипломатиясын дамыту, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ ортақ қауіп-қатерлер мен халықаралық лаңкестікпен күрес осы кездесудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі сапар барысында Иранның Қарулы күштерінің аға қолбасшыларымен де кездеседі деп күтілуде.


















