Ливан мен Израиль арасындағы келіссөздердің кезекті кезеңі АҚШ-тың арағайындығымен қыркүйек айының басында Римде өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі мәлімдеді. Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі консультациялардың оң бағытта жүріп жатқанын, келіссөздерді ешкім әдейі созып отырмағанын, алайда «Хезболла» қозғалысының бұл үдерісті бұзуға тырысып жатқанын айтты.
Израиль мен АҚШ 4–6 тамыз аралығында өткен консультациялардың жетінші кезеңінің қорытындысы бойынша Бейруттың «пилоттық аймақтарды» кеңейту туралы ұсынысын қабылдамады. Ливан мен Израиль Вашингтонның араағайындығымен 4–6 тамыз аралығында Римде тікелей келіссөздердің жетінші кезеңін бастап, бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Бұған дейінгі алтыншы келіссөз кезеңі 14 маусымда Римде өтті. Келіссөз нәтижесінде 26 маусым күні Израиль әскерін Ливан аумағынан кезең-кезеңімен шығару және оның орнына Ливан армиясы бөлімдерін орналастыру, сондай-ақ «Хезболла» қозғалысын қоса алғанда қарулы топтарды қарусыздандыруды көздейтін негіздемелік келісімге қол қойылды. Ливан мен Израильдің алғашқы бес кездесуі Вашингтонда өткен болатын.



















