Сенатор Алексей Пушков Америка Құрама Штаттарының Тегеранның рұқсатынсыз уранды Ираннан шығарып әкете алмайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей Федерация Кеңесінің ақпараттық саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков Telegram-арнасында жазды.
Пушков: «Америка Құрама Штаттары бақылау жүргізе алар, бірақ Иранның келісімінсіз байытылған уранды тәркілеп алуы мүмкін емес», -деді.
Сенатор Пушков Трамптың «Америка Құрама Штаттары Иранның уран қорлары қайда сақталғанын біледі. Бұл нысандар ғарыштық барлау құралдары арқылы бақыланып отыр. Вашингтон белгілі бір кезеңде Ираннан байытылған уранды тартып алады» деген сөздерін мысалға келтіріп: «Бұл тым сенімді, тіпті шектен шыққан мәлімдеме. Әскери қимылдар жағдайында уран қорларын шығару және оларды қауіпсіз тасымалдау — іс жүзінде жүзеге аспайтын шаруа. Ол үшін бейбітшілік, байытылған уран өткізу туралы келісім, Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікпен жан-жақты әзірленген іс-қимыл жоспары және Иранның келісімі мен ынтымақтастығы қажет», — деп түсіндірді.
Пушковтың айтуы бойынша, бүгінгі таңда аталған осы төрт шарттың бірде-бірі қамтамасыз етілмеген.
Айта кетейік, мұның алдында АҚШ Президенті Дональд Трамп ерте ме, кеш пе, Иранның байытылған уран қорын тартып алатынын мәлімдеген болатын.


















