АҚШ Үкіметі Украина Үкіметіне соғысты тоқтату үшін НАТО-ға мүше болу арманымен мәңгілікке қоштасу қажет жоба ұсынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша CNN телеарнасы кеше дүйсенбі күні Америка Үкіметі ұсынған жаңа жоба бойынша Украина НАТО-ға мүше болу арманын өз Конституциясында бұрынғыша сақтай алғанымен, бірақ іс жүзінде аталған әскери одаққа қосылудан мәңгілікке мақұрым қалдыратыны туралы материал жариялады.
Телеарна жаңа жоба Трамптың соғысты тоқтату үшін өткен айда ұсынған 28 тармақтан тұратын ұсынысының жаңартылған нұсқасы екенін жазды.
Трамп жобасының ескі нұсқасында Украинадан НАТО-ға мүше болуы мақсатынан толық бас тартуды сұрады.
Киев оның ұсынысын қабылдамай, НАТО-ға мүше болу осы елдің Конституциясында жазылғанын, оны өзгерту мүмкін емес екенін мәлімдеді.
CNN телеарнасы бүгінгі хабарының келесі бір бөлімінде Трамптың жаңартылған жобасы Донбасстың кейбір бөліктерін тапсыру, Украина армиясының санын шектеу, НАТО-ға мүшелікке тыйым салу сияқты даулы ұсыныстарды қамтитынын жазды. Бұл — Вашингтон оны шынайы, ал Киев пен Еуропа оны капитуляция санайтын жоба.
















