Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері комиссияның штаб-пәтерінде өткен шарада кеден қызметінің өзара іс-қимылын арттыру мәселесін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Кеден әкімшілігі мен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық делегацияларының үшінші отырысы аяқталды.
Тараптар кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімді жүзеге асыру аясында кеден қызметтері арасында электронды ақпарат алмасуды ұйымдастыруға уағдаласты.
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов электронды өзара іс-қимыл кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға және одаққа мүше елдер мен Иран арасындағы сенімді нығайтуда маңызды қадам болатынын атап айтты.
Айта кетейік, Иран мамыр айында күшіне енген Еркін сауда туралы келісімге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге өз экспортынның шамамен 87 пайызын бажсыз жеткізу құқығына ие болды. Бұл өткен жылдың желтоқсан айында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Иранның одаққа бақылаушы мәртебесін алуы туралы құжатқа қол қойылғаннан кейін жүзеге асты.



















