Американың жаңа қауіпсіздік құжаты осы елдің ұлттық қауіпсіздік құжатына қарағанда сионистік режимнің қауіпсіздік құжатына көбірек ұқсайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бақай мәлімдеді.
Оның айтуы бойынша мұның барлығы Азияның батысында Израильге үстемдік еткізуді көздейді.
Бақайи мұны Ақ Үйдің сионистік режимнің қылмыстарын қолдауының жалғасының белгісі деп атап: «Құжатта Американың бұрынғы әртүрлі үкіметтері көздегенінің, бірақ адам құқығы мен демократияның туының тасасына жасырып келгенінің барлығы анық баяндалған. Олардың Батыс Азиядағы барлық уайымы энергетика көздеріне қолжетімділік пен Тель-Авивтің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне сенімді болу.
Осы құжатта Америка өзін барлық мемлекеттерге төрелік айтушы ретінде көрсетті. Бұл бүгінгі әлемде ешбір ел оны қабылдамайтын жағдай.
Американың ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа құжатында Палестина құқығы туралы мүлдем айтылмаған. Құжаттың бір жерінде Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарына шабуыл жасалғаны мақтаныш етілгені осы қылмыстың жауапкершілігін қабылдағанын көрсететін дәлел», — деді.
2025 жылғы желтоқсанның бесі күні Ақ үй өз веб-сайтында АҚШ-тың жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жаңартылған 33 беттік құжат жариялады. Онда алдағы жылдарға арналған АҚШ ішкі және сыртқы саясатының негізгі қағидаттары көрсетілген.
















