Ливанның «Амал» және «Хезболлаһ» қозғалыстары бірлескен мәлімдеме жариялап, осы елде сионистік режимнің басқыншылығын тоқтату қажеттігін баса айтты.
Ливанның «Амал» және «Хезболлаһ» қозғалыстары басқыншы режимнің Ливанның оңтүстік жерлерінің бір бөлігін басып алуды жалғастыруына қатаң қарсылығын мәлімдеді.
Al-Menar арнасының мәліметі бойынша «Амал» мен «Хезболлаһ» мәлімдемеде: «Біз сионистік режимнің Ливанның егемендігін әуе мен жерден бұзуын үздіксіз жалғастыруын айыптаймыз. Атысты тоқтату келісімін қолдаушы елдер дұшпанды 1701 қарарының ережелерін жүзеге асыруға міндеттеуі керек», — деді.
«Амол» мен «Хезболлаһ» ұйымдары мәлімдеменің жалғасында: «Келісімді жақтайтын мемлекеттер дұшпанды Ливан жерінен толық шығуға мәжбүрлеуі керек. Басқыншылық салдарынан қираған аймақтарды қайта салу жаңа Үкімет бағдарламаларының басымдылығы болуы керек.
Шәһидтерге, шекарадағы ауылдар мен тұрғындарға және дұшпанның саясаттарына қарсы жеңілмейтін ерік-жігермен табандылық танытқан барлық ливандыққа құрмет көрсетеміз. Отанымыздың жерінің соңғы тұтамын азат ету жолында құнды және жоғары жанкештілікпен күрескен барлық ливандыққа сәлем айтамыз», -деді.
















