ХАМАС Газа секторында сионистік режим шабуылынан қаза тапқан төрт израильдік тұтқынның денесін Халықаралық Қызыл Крест комитетіне (ХҚКК) тапсырды.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, төрт тұтқынның денесін тапсыру 19 қаңтарда күшіне енген ХАМАС пен Израиль арасында Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы келісім негізінде жүзеге асты.
Одед Лифшиц, Шири Бибас, Ариэль Бибас және Кфир Бибастың мәйіттері салынған табыттар Хан Юнис қаласындағы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне тапсырылды.
Израиль армиясы тұтқындардың мәйіттерін ХҚКК-нен алып, медициналық орталыққа сараптама жасату үшін апаратынын хабарлады.
ХАМАС тұтқынға алынғандардың өліміне Израильді айыптайды.
“Әл-Қассам” бригадалары тобының баспасөз хатшысы Әбу Убайда: “Сионистік басқыншылардың ұшақтары қамау орындарын әдейі бомбалағанға дейін төртеуі де тірі болған”,-деп мәлімдеді.
Келісімге сәйкес, төрт израильдік тұтқынның денесіне айырбас ретінде Израиль 22 ақпан күні палестиналық тұтқындар тобын босатуы керек.
ХАМАС мұның алдынд 20 ақпан күні төрт израильдік тұтқынның денесін ХҚКК-ке, ал 22 ақпанда бұрын келісілгендей үш палестиналық тұтқынның орнына алты израильдік тұтқынды беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль арасындағы Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы келісім жексенбі, 19 қаңтар күні күшіне енді.



















