Анкара мен Дамаск қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үдерісінде әзірге ілгерілеу жоқ.
Бұл туралы Анкарада өткен брифингте Түркия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Онжу Кечели мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің мәліметі бойынша Анкара мен Дамаск тікелей келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
Онжу Кечели Анкараның екі ел арасындағы байланысты қалыпқа келтіру саясаты бастапқыдан белгілі екенін және оны ашық түрде тұжырымдағандарын, алдын ала шарт қойылмағанын, бірақ саяси реттеу, босқындардың қайтарылуы және Сирияның болашағы аясындағы үдерістің нәтижесінен үміт күтетіндерін айтты.
Ресей президентінің Сирия жағдайын реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев қаңтардың 29 күні Сирия мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үдерісі өткен жылдың күзінен бері тоқтап тұрғанын айтқан болатын.



















