Түркияның Анкара қаласында «Түркі елдерінің экономикасындағы цифрлық сауда және инвестициялық әлеуетті арттыру» тақырыбында іс-шара өтті.
2023 жылы 25 желтоқсанда Анкарада өткен жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сауда және экономика саласына жауапты министрліктердің өкілдері қатысты.
Түркі мемлекеттері ұйымының мәліметінше, жиында шараның негізгі мақсаты сандық экономиканың қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты жан-жақты талдау жасалған «Түркі экономикасы-2023: цифрлық сауда және инвестиция есебі» таныстырылды.
Сондай-ақ, «Түркі экономикасы-2023: цифрлық сауда және инвестиция есебін» әзірлеуде өз үлестерін қосқан сарапшылардың цифрлық экономиканың қазіргі үрдісі, түркі мемлекеттері экономикасының әлеуеті мен келешегі жөнінде жасалған баяндамалары талқыланды.
Жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Түркі елдерінің экономикалық саясатты зерттеу орталықтары мен Халықаралық Түркі академиясына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.















