Ансаролла қозғалысының жетекшісі сионистік режимнің жүкті әйелдерге де мейірімділік танытпайтынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі Сейед Абдул Малик әл-Хути мәлімдеді.
Сейед Абдул Малик әл-Хути Халықаралық әйелдер күніне арналған сөзінде Тель-Авивтің саясаты мен оның аймақтық жақтастарының қолдауын қатаң сынға алып, Израиль режимінің Палестинадағы мыңдаған мұсылман әйелдің, соның ішінде жүкті әйелдерді, қарттарды және балаларды өлтіргенін баса айтты.
Абдул Малик әл-Хути: “Қазіргі таңда сионистердің арсыздығы соншалық олар мұсылмандар өздерінің қаны, байлығы, жері, қасиетті орындары, тіпті дінінің де ешқандай кедергісіз қорлануына көнуі керек дегенді білдіруде”,- деді.
Сонымен қатар, Ансаролла қозғалысының жетекшісі Американың аймақтағы рөліне де тоқталып: “Америкалықтар да осы үдерісте олармен серіктес және бұл жағдайды елге таңуға тырысып жатыр”, -деп баса айтты.
Абдул Малик әл-Хути Израиль режимінің басқыншылық әрекеттерін түсіндіру мақсатында Тель-Авивтің халықаралық келісімдерді үнемі бұзатынын және Газадағы соғыс пен Ливанмен шекарадағы шиеленісті мысалға келтірді.
Ол бұл жағдайларды Израильдің дұшпандық және алдын ала болжауға болмайтын әрекеттерінің айқын дәлелі деп атады.



















