Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Америка Президенті Трамптың Иранмен келісім жасауды қалайтынын мәлімдеді.
Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Америка Президенті Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяхудың телефон арқылы байланысқанына сілтеме жасап: “Трамп Иранмен келісім жасауды қалайды” — деді.
Кэролайн Ливитт хабар брифингінде АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың телефон арқылы сөйлескенін айтып: “Президент Трамп айтқандай, біз Иранмен келісім жасауды қалаймыз”, — деді.
Ол сөзінің жалғасында: “Америка мен Израиль арасында ешқандай келіспеушілік жоқ. Трамп Израильді қолдайды. Иран ядролық қаруға қол жеткізбеуі керек. Иранмен келісім жасағымыз келеді. Бұл ел таңдау құқығына ие”, — деп қуаттады.
Трамп Нетаньяхумен байланыста осы талаптарын мәлімдеп: “Иран ядролық қаруға қол жеткізбейді деп баса айтты”, — деді.
Америка президенті Дональд Трамп сейсенбі күні кешке Израиль премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескенін хабарлап: «Біз Нетаньяхумен көптеген тақырыпта, соның ішінде сауда, Иран және тағы басқа тақырыптарда сөйлестік. Бұл өте жақсы сұхбат болды. Барлық тақырып бойынша біздің көзқарасымыз бірдей», — деді.
Axios ақпарат арнасы мұының алдында Трамптың Нетаньяхумен кеңесу шешіміне сілтеме жасап: «Бұл Израиль премьер-министрі Ақ үйде болғаннан бері Трамп пен Нетаньяху арасындағы алғашқы сұхбат болады», — деп хабарлады.
БАҚ көздері Трамптың Иранмен дипломатияны жалғастыру туралы шешімі мен Нетаньяхудың Иранға шабуыл жасау жоспарына қарсылығын хабарлады.

















