АҚШ-тың республикашыл және демократ заң шығарушылар делегациясы Тайваньға аралдың жаңа басшысы Лай Циндэнің қызметіне кіріскеннен бірнеше күн өткен соң төрт күндік ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ Өкілдер палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің мәлімдемесінде комитет төрағасы Майкл Макколдың Тайваньның жаңа үкіметімен кездесу үшін Конгресс делегациясымен бірге Тайбэйге келгенін хабарлады.
«Делегация Тайвань шенеуніктерімен аймақтық қауіпсіздік, сауда және АҚШ-Тайвань ынтымақтастығының жаңа бағыттарын инвестициялар туралы келіссөздер жүргізеді», — делінген хабарламада.
Майкл Маккол сөзінде: «Тайвань- дамып келе жатқан демократия. АҚШ өзінің тұрақты серіктесін қолдайды және Тайвань бұғазы арқылы арқылы әдеттегі теңіз қатынасын жалғастырады. Мен АҚШ-тың Азиядағы бейбітшілікті сақтау және ортақ демократиялық құндылықтарды орнату жөніндегі әрекеттерін жақсырақ түсіну үшін Тайвань шенеуніктерімен кездесуді асыға күтемін», деген болатын.
Демократиялық прогрессивті партиясының өкілі Лай Циндэ дүйсенбі күні Тайваньның сегізінші президенті ретінде қызметіне кірісті. Бұған дейін Тайваньды Цай Инвэнь басқарған болатын.
Лай Циндэ Қытайды Тайвань бұғазының айналасындағы әскери әрекеттерін тоқтатуға және диалог орнатуға шақырды.
Тайваньның жаңа басшысы жексенбі күні Қытайдың Тайвань аралының маңында екі күндік әскери жаттығуларынан кейін Бейжіңмен ынтымақтастық орнатуды ұсынды.
Қытайдың орталық үкіметі Демократиялық прогрессивті партияның өкілі Цай Инвэнь 2016 жылы президент болғаннан бері Тайбэймен келіссөздерден бас тартып, аралға экономикалық және әскери қысымды күшейтті. Тайваньды өз аумағының ажырамас бөлігі деп санайтын Бейжің қажет болған жағдайда аралды күштеп өз қолына қайтаратынын баса айтты.
Көптеген Батыс елдері мен БҰҰ Тайваньды қырғи-қабақ соғыстың басында Қытайдың жалғыз заңды үкіметі ретінде таныды. Тайвань 1971 жылға дейін БҰҰ-да өз өкілдігін сақтап келді. Алайда биыл ұйымнан шығарылып, бұл орын ҚХР үкіметіне берілді.
Демократиялық прогрессивті партияның өкілі Лай Циндэ Қытайдың оған дауыс бермеу туралы ескертулеріне қарамастан Тайваньдағы президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Лай Циндэ президенттік сайлауда 40 пайыз дауыс жинады. Қытаймен әріптестікті қолдайтын оның қарсыласы Хоу Юи 33 пайыз дауыс алды.
Хоу Юи жеңілгенін мойындап, Лай Циндэні жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ ол жеңілгені үшін партиясының жақтастарынан кешірім сұрады.
Аймақтағы даулы саяси жағдайға байланысты Тайваньдағы сайлаудың маңызы зор. Тайвань өзін тәуелсіз мемлекет деп санағанымен Қытай аралмен байланысын талап етуді жалғастыруда және мақсатына жету үшін күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармады.
Қытай Лай Циндэні «қауіпті сепаратист» деп айыптады. Бейжің ол жеңіске жетсе, аймақтағы бейбітшілікке қауіп төндіретінін айтып, аралдағы сайлауды «соғыс пен бейбітшілік арасындағы таңдау» деп атады.


















