Дональд Трамп АҚШ-ның Иранға қарсы санкцияларды алып тастауды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Трамп мысырлық әріптесі Әбдел Фаттах ас-Сисимен кездесуінде айтты. Ол кездесуде Иранға қатысты әдеттегі уәждерін тағы қайталап, Иранға салынған санкциялардың жойылуын қалайтынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран бұл қадамға дайын болған кезде Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларын алып тастау мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап айтты.
Трамптың айтуынша, Иран экономикасы Америка Құрама Штаттарының қысымына төтеп бере алмайды. Ол Америка Құрама Штаттары енгізген қазіргі шектеулерді төтенше деп сипаттады.
Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас 1979 жылы Ирандағы Ислам революциясының жеңісінен кейін үзілді. Иранның ядролық бағдарламасына байланысты көп жыл бойы Тегеранға санкциямен қысым көрсетіп келеді.
















