АҚШ конгрессмендерінің бір тобы Израильдің Газадағы әрекеттерін геноцид деп тануға шақыратыын қарар қабылдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Демократиялық партияның жиырма бір өкілі Конгресске Израильдің Газадағы әрекеттерін Палестина халқына қарсы «геноцид» деп тануға шақыратын қарар ұсынды.
Бұл қарар сондай-ақ АҚШ үкіметін Геноцидке тыйым салу туралы халықаралық конвенция бойынша заңды міндеттемелерін орындауға және осы қылмыстарды тоқтату үшін шара қабылдауға шақырды.
Америка Конгрессіндегі Мичиган штатының өкілі, Конгрестегі тегі палестиналық жалғыз конгрессмен әйел Рашида Тлайб жұма күні қарар Израильдің Газадағы Палестина халқына қарсы геноцид жасағанын ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді.
Ол АҚШ үкіметін бұл қылмыстың алдын алу және жазалау үшін шара қабылдауға, Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға және халықаралық жауапкершілік үдерістерін қолдауға шақырды.
Тлайб мәлімдемесінде: «Израиль үкіметінің Газадағы геноциді әлі аяқталған жоқ. Бұл үдеріс біз шара қолданғанша жалғаса береді», — деді.
Ол сондай-ақ АҚШ үкіметін Израильге шексіз қолдау көрсету арқылы соғыс қылмыстары мен этникалық тазартуға көмектесіп, оны қолдады деп айыптады.
Қарарда Израильдің әскери күштері бейбіт тұрғындарды аямай өлтіру, қасақана аштық тудыру, қаланың инфрақұрылымдары мен су жүйесі мен санитарияны жүйелі түрде бұзуы және Израильдің жоғары лауазымды басшыларының геноцидтік ниеттерін білдіретін мәлімдемелері арқылы геноцид жасағаны айтылды.
Бұл дәлелдерді халықаралық ұйымдар да қолдады. БҰҰ-ның Тәуелсіз Тергеу Комиссиясы, Геноцид Зерттеушілерінің Халықаралық Қауымдастығы, Amnesty International, Human Rights Watch, Израильдің B’Tselem адам құқықтары ұйымы және басқа да адам құқықтары топтары Израильдің Газадағы әрекеттерін геноцид деп жариялады.
2025 жылдың қыркүйек айында БҰҰ комиссиясы Израильдің Газада геноцид жасағанын ресми түрде растады.
Халықаралық қылмыстық сот сонымен қатар Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газада соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыппен тұтқындауға ордер берді.
















