Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф АҚШ пен Израильді Иран аралдарының бірін басып алуды жоспарлап отыр деп айыптады.
Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф кеше, сәрсенбі, 25 наурыз күні АҚШ пен Израильдің аймақтағы елдердің бірінің қолдауымен Иран аралдарының бірін оккупациялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Мохаммад Бақер Қалибаф Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Кейбір мәліметтерге қарағанда, Иранның жаулары аймақтағы елдердің бірінің қолдауымен Иран аралдарының бірін басып алу операциясына дайындалып жатыр», – деп жазды. Бірақ Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы нақты қай ел екенін атамады. Қалибаф жаудың барлық әрекеті Иран Қарулы күштерінің жіті бақылауында екенін мәлімдеп: «Егер олар қандай да бір қадам жасаса, сол елдің барлық маңызды инфрақұрылымы нысанаға алынады», – деп ескертті.


















