АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жанар-жағар май бағасын 1 миллиард долларға қымбаттатты.
АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы соғыс ашуы салдарынан туындаған жанар-жағар май бағасының өсуі авиация саласының шығындарын күрт арттырып, жолаушыларды билеттердің қымбаттау дағдарысына душар етті.
«American Airlines» компаниясы тек жылдың соңғы үші айында реактивті отын бағасының шарықтауы компания шығындарын 1 миллиард долларға өсіргенін хабарлады.
Әуе компанияларының басшылары бұл ауыр шығындарды басқару үшін арзан әрі сұранысы аз рейстерді қысқартып, билет бағасын қымбаттату арқылы соғыстың қаржылай ауыртпалығын жолаушыларға артуда.
Болжамдар бірнеше аптаға созылатын соғысты меңзегенімен, қақтығыстардың жалғасуы экономикалық рейстерді тоқтатып қана қоймай, әуе компанияларын қоғамдық қызметтерді қысқартуға және тек табысы жоғары жолаушыларға ғана басымдық беруге итермеледі.

















