Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуде Қытайдың делдалдығын қарастыруда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тегеран Вашингтонмен ықтимал келіссөздерді жоққа шығармайды.
Иран Қытайды Америка тарапымен бейбіт келіссөз жүргізуге көмектесетін ықтимал делдал ретінде қарастырады. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында дағдарысты шешу үшін Бейжіңнің көмегін қабылдауға дайын екенін айтты.
Аббас Арақчи: “Меніңше, бұл рөлді бірнеше ел атқара алады. Қытай — сол елдердің бірі”, -деді.
Иран Сыртқы істер министрі өткен жылдардағы сәтті тәжірибені еске салды. 2023 жылы Бейжің Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына оң ықпал еткен болатын. Қазіргі уақытта екі мемлекет те сол кезде қол жеткізілген уағдаластықтарды қатаң сақтап келеді.
Арақчи: “Қытайдың, сөзсіз, зор мүмкіндігі бар. Сонымен қатар басқа да елдердің осындай әлеуеті жетерлік. Қайталап айтамын, біз өз талаптарымыз бен шарттарымызға сай келетін кез келген ұсынысты қарастыруға дайынбыз”,- деді.



















