Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи халықаралық құқыққа сәйкес, ешбір мемлекет өз аумағын басқа елдерге шабуыл жасау үшін пайдалануға рұқсат бермеуі тиіс екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи бұл туралы әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен аймақтағы соңғы оқиғалар мен екіжақты қарым-қатынасты талқылау барысында мәлімдеді.
Аббас Арақчи Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сұхбат барысында Америка Құрама Штаттары мен Израильдің әскери шабуылдарына қатысты елінің ұстанымын мәлімдеді.
Аббас Арақчи Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Тегеранның басқа елдермен қарым-қатынасын әлсіретуге тырысып жатқанын айтып, «жалған ту астындағы операцияларды» қоса алғанда, түрлі әрекетке қатысты сақ болу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, Арақчи Иранның қорғаныс шаралары тек шабуыл жасау орталықтарына, әскери жүйелер мен нысандарға ғана бағытталған», -деді.
Сұхбат соңында министрлер қалыптасқан түсініспеушіліктерді жою мақсатында дипломатиялық байланыс пен консультацияларды жалғастырудың маңыздылығын қуаттады.
















