АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыстан шығудың жолдарын іздестіріп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп басқа елдерді Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарына тарту арқылы Иранмен арадағы қақтығыстан шығу жолдарын іздестіріп жатыр.
Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік саласындағы сарапшы Александр Тищенко мәлімдеді.
Сарапшы Иранға қарсы ықтимал құрлықтағы операция туралы мәлімдемелерге назар аударды. Оның пікірінше, Президент Дональд Трамп америкалық әскерді аймаққа жіберуге ұмтылып отырған жоқ. Оның орнына Ақ үй басшысы басқа елдерді Иранға қарсы әскери әрекеттерге қатысуға шақыруда. Атап айтқанда, ол Францияға, Жапонияға, Ұлыбританияға және бірқатар басқа елге Ормұз бұғазын күзету үшін әскери кемелер жіберуді ұсынған.
Александр Тищенко: «Менің түсінуімше, Дональд Трамп басқа елдерге «егер мұнай алғыларың келсе, барып, Ормұз бұғазын босатыңдар» деген белгіні беруге тырысып жатыр. Үшінші күштерді осы қақтығысқа тарта отырып, ол өзі шетке шығып, бітімгер рөлін ойнауға тырысады. Қазіргі барлық белгі Дональд Трамптың бұл мәселеден қалай құтылып кетудің жолын іздеп жатқанын көрсетеді. Ол жағдайдың өз пайдасына шешілмей жатқанын түсініп отыр»,-деді.
Сонымен қатар, сарапшы Иранның Америкамен келіссөз жүргізуге ниет білдіріп отырмағанын атап айтып: «Иран келіссөз жүргізудің америкалықтар үшін үзіліс екенін және оның жаңа шабуыл жасау мақсатында қайта қарулану мүмкіндігі екенін жақсы түсінеді», -деді.

















