АҚШ Президенті Дональд Трамп Израильдің бұдан былай Оңтүстік Парсқа шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Трамп Иран қарулы күштері Израильдің Оңтүстік Парс газ кешеніне жасаған қылмыстық әскери агрессиясына жойқын соққымен жауап бергеннен кейін бұдан былай Израильдің Оңтүстік Парсқа шабуыл жасамайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Израильдің Оңтүстік Парсқа жасаған шабуылынан АҚШ-тың хабары болмағаны туралы уәж айтты.
Алайда, бұған дейін америкалық-израильдік БАҚ Израильдің Оңтүстік Парсқа жасаған шабуылы АҚШ-пен үйлестірілген және оның хабардар болуымен жүзеге асырылғанын мойындаған болатын. Иран қарулы күштері осы израильдік-америкалық қылмыстан кейін Парсы шығанағы аймағындағы американдықтардың үлесі бар мұнай-газ нысандарына жойқын шабуыл жасап, бұған дейінгі қоқан-лоқысын жүзеге асыру арқылы Трамп пен Израильге күшті сабақ берді.
Иран өз жауабы барысында Қатардағы Рас-Лаффан қондырғыларына шабуыл жасады. Сондай-ақ, кейбір мәліметтерден Сауд Арабиясындағы АҚШ мүдделеріне де шабуылдар жасалғанын көрсетеді. Иран сонымен қатар өз инфрақұрылымына жасалған кез келген шабуылға жаудың инфрақұрылымына үлкен шабуылмен, ал өзінің мұнай, мұнай өңдеу және газ қондырғыларына жасалған кез келген шабуылға жаудың осы саладағы мүдделеріне одан да үлкен шабуылмен жауап беретінін қатаң ескертті.

















