Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау жоспарын теріске шығарды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Аббас Арақчи кеше теледирадан сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылдарын дипломатия мен келіссөздерге жасалған опасыздық деп атады.
Оның айтуынша, Иран Израильдің басқыншылығынан бұрын АҚШ-пен ядролық жанама келіссөздерде өз халқының құқығын қорғап жүрген кезде, келіссөздерден көңілі қалған АҚШ басқа әдісті қолдануды ұйғарған.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ президенті Дональд Трамптың келесі аптада Иранмен ядролық тақырыпта келіссөздер өтеді деген уәжін жоққа шығарып: «Келіссөздерді қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілген жоқ. Тіпті келіссөздер туралы сөз болған жоқ. Қазіргі уақытта келіссөздер туралы сөз болуы мүмкін емес» деді.
Арақчи Иранның дипломатияға берік екенін, бірақ АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау туралы шешімнің бағалауды қажет ететінін баса айтты.













