Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи неміс төлқұжаты ешкімге, әсіресе лаңкеске иммунитет бермейтінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Германия қолдаса да, Иранда бірде-бір лаңкес жазасыз қалмайтынын мәлімдеді.
Иран СІМ басшысы X әлеуметтік желісіндегі жазбасында Германия үкіметіне жасаған жолдауында: «Адам құқықтары туралы екіжүзді ұрандардың артына жасырынбаңыз. Біз Германия азаматтарының Саддам режиміне жеткізген химиялық қаруын ұмытқан жоқпыз.
Германия қолдаса да, Иранда ешбір лаңкес жазасыз қалмайды. Иран азаматы Жамшид Шармаһд 14 бейкүнә адамның, соның ішінде әйелдер мен балалардың өліміне соқтырған мешіттегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікті ашық және ұялмай мойындады. Бұл шабуылда 200-ден астам адам жарақат алды. Дәлелдер жеткілікті және олар қолжетімді.
Германия төлқұжаты ешкімге, әсіресе лаңкес қылмыскерге иммунитет бермейді. Анналена Бербок, шындықты жасырып, психологиялық ойын ойнауды доғарыңыз. Балаларды өлтірушілерді, лаңкестерді қолдауды тоқтатыңыз. Адам құқықтары туралы екіжүзді ұрандардың артына жасырынбаңыз. Біз Германия азаматтарының Саддам режиміне жеткізген химиялық қаруын ұмытқан жоқпыз»,- деді.













