Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында осы ұйымның Бас хатшысымен кездесіп, сұхбаттасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында осы ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, сұхбаттасты.
Арақчи осы сұхбатта Иранның Азияның Батыс аймағындағы жағдайға қатысты ұстанымдарын, әсіресе сионистік режимнің милитаризм мен заң бұзушылықты жалғастыруы салдарынан халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа туатын шынайы қатерді түсіндіріп, әсіресе БҰҰ, жеке алғанда Бас хатшының Ұйым Жарғысының принциптері мен міндеттерін қорғаудағы ерекше жауапкершілігін еске салды.
Арақчи сионистік режим мен Американың маусым айындағы Иранның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігіне жасаған қарсы әскери басқыншылығына тоқталып, дипломатиялық келіссөздер барысында Иранның бейбіт мақсатты ядролық нысандарына жасаған заңсыз шабуылдарын халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын өрескел бұзу, дипломатияға сатқындық деп атап, басқыншы тараптарды жауапкершілікке тарту қажеттілігін қуаттады.
Иран СІМ “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасындағы келіспеушіліктерді шешу механизмін Еуропаның үш елі мен Американың Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы күші аяқталған жарғыларын қайтару мақсатында теріс пайдаланудағы әрекетін ақтауға келмейтін, әрі заңсыз деп атап, оны дипломатияға бұрын-соңды жасалмаған соққы, осы елдің ізгі ниеттен кенделігінің белгісі деп атады.
Арақчи 2231 Жарғысы мен онда Иранның ядролық тақырыбымен байланысты болжанған барлық шектеу белгіленген мерзімде яғни, қазанның он сегізі күні аяқталды деп саналуы керек екенін баса айтты.
Арақчи штаб-пәтер келісімінің қайта-қайта бұзылуы мен Нью-Йорктегі Иран өкілдігіндегі дипломаттар мен осы қалаға сессияға келген дипломаттарға Америка Үкіметі тарапынан ақтауға келмейтін заңсыз шектеулердің қойылуына сілтеме жасап, осы салада Бас хатшының тиісті шара қабылдауын сұрады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы кездесуде барлық тараптың халықаралық мәселелерді шешу үшін дипломатияға табандылық танытуының маңызын қуаттап, БҰҰ хатшылығының осы салада ықпалдастық таныту үшін әзірлігін мәлімдеді.
Антониу Гутерриш сонымен қатар қабылдаушы елдің БҰҰ-на мүше елдерге қатысты міндеттемелерді сақтауының маңызы мен штаб-пәтер келісімінде жазылған міндеттерді бұзудан аулақ болу қажеттігін баса айтты.














