Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Иранға қарсы негізсіз шабуылдар тоқтаған жағдайда, Ислам Республикасы да қарымта шабуылдарын тоқтататынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи бүгін, сәрсенбі, 8 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің атынан X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Мәлімдемеде: «Егер Иранға жасалатын шабуылдар тоқтаса, біздің Қарулы күштеріміз қорғаныс операцияларын тоқтатады.
Екі апта ішінде Ормұз бұғазы арқылы қауіпсіз өту Иран Қарулы күштерімен үйлестіру және техникалық шектеулерді ескере отырып жүзеге асады»,-деді.
Арақчи бұл шешімнің Пәкістанның араағайындығымен және Вашингтонның 15 тармақтан тұратын ұсынысы негізінде Америка Құрама Штаттарының келіссөз жүргізу туралы өтініші мен Дональд Трамптың Иранның 10 тармақтан тұратын ұсынысын қабылдау туралы мәлімдемесінен кейін қабылданғанын баса айтты.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрі Исламабадқа алғыс білдіріп, Пәкістанның Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Ислам Республикасына қарсы негізсіз басқыншылық жасауынан туындаған дағдарысты реттеуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Truth Social платформасында Иранға қарсы бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтатуға келіскенін мәлімдеді.
Ал Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғарғы кеңесі 40 күнге созылған соғыстан кейін Америка Құрама Штаттары мен Израиль режимінің жеңілгенін мәлімдеді.
Тегеранның мәліметінше, Вашингтон Иранның тұрақты түрде атысты тоқтату, барлық санкцияны жою және АҚШ-тың жауынгерлік күштерін аймақтан толық шығару сияқты талаптарын қабылдауға мәжбүр болды.



















