Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Трампқа былтырғы жылдың маусым айында жіберген қателігін қайталамауға кеңес берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи АҚШ Президенті Дональд Трампқа маусым айында жіберген қателігін қайталамауға кеңес беріп: «Егер сәтсіздікке ұшыраған тәжірибені қайта тексеріп көрсең, тура сондай нәтижеге жететініңді білесің», — деді.
Иран СІМ Министрі Fox News арнасына берген сұхбатының жалғасында: «Сырттан қолдау табатын лаңкестік элементтер наразылықтарға ықпал етіп, халық пен қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырды. Бұл АҚШ Президентін осы қақтығысқа енгізу үшін жасаған Израильдің қастандығы. Шиеленістің жоғары деңгейге жетуі барлығы үшін өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», — деді.













