Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф жұма күні таңертең Digital Almaty 2025 форумы аясында цифрлық жобалар көрмесін аралады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мохаммад Реза Ареф “Атакент” көрме кешенінде болып, Digital Almaty 2025 форумы аясында цифрлық жобалар көрмесінде соңғы технологиялармен, цифрлық экономика саласы және Еуразиялық Одаққа мүше елдердің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты.
Мохаммад Реза Ареф аймақ елдері мен Еуразиялық Одақты ирандық компаниялардың іргелі ғылымға негізделген технологиялары және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен таныстыру қажеттігін айтты.
Көрмеде Еуразиялық Одаққа мүше елдердің жасанды интеллект және озық технологияларға арналған 200 стенді өз өнімдерін ұсынды.
Айта кетейік, Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф қаңтардың 31 күні Алматыда өтетін Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысы мен Almaty 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келді.

















