Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан әскерилерінің шекарада оқ жаудыруы салдарынан бірнеше армян сарбазы жараланғанын хабарлады. Бұл туралы министрлік Telegram арнасында жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, 13 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 05:30-да Әзірбайжан шекарашылары Армян кентінің позицияларын атқылады. Салдарынан бірнеше армян әскериі жараланды.
Әзірбайжан тарапы Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.
12 ақпанда Әзірбайжан Арменияның атысты тоқтату режимін бұзып отырғанын хабарлады. Олар Армения жақтан оқ атылды деген болатын. Армения бұл мәлімдемеге жауап берген жоқ.
2023 жылы 19 қыркүйекте Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта арнайы әскери операция бастап, Қарабақты өз территориясына қосып алды. Халықаралық бітімгершілік күштердің араласуымен екі жақ соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келген болатын.
Әйткенмен, екі ел арасындағы кикілжің толық тоқтаған жоқ. Шекарада үнемі қақтығыс болып тұрады.



















