31 қазан мен 2 қараша аралығында Ашхабадтағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайында туризм фестивалін өткізу жоспарлануда.
Бұл туралы Түркіменстандағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени істер жөніндегі атташесі Навид Расули мәлім етті.
Іс-шараны ИИР Ислам мәдениеті және байланыс ұйымы, Иранның Түркіменстандағы Елшілігі және Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігі ұйымдастырып отыр.
Orient басылымының хабарлауынша, фестиваль барысында Иран өзінің туристік және медициналық өнімдерін таныстырады.
Навид Расулидің айтуынша, іс-шара барысында Иран мен Түркіменстанның туристік компаниялары екі елдің көрікті жерлерін таныстырады.
Сонымен қатар екі елдің туристік компаниялары осы мәдени шара кезінде B2B кездесулерін өткізеді және бірқатар келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде.
Сондай-ақ мәдени іс-шара аясында Иран қолөнеріне арналған бөлімдер ұсынылады. Іс-шарада ирандық музыкалық топтардың қойылымдары көрсетіледі.


















