Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.
Президент шараға жиналған халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде мемлекеттік рәміздер негізгі құндылықтар мен мұраттарды айшықтап, әр азаматтың бойына елімізге деген шынайы мақтаныш сезімін оятатынын айтты.
Осы күні дәстүрге айналған әскери шен тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Жыл сайын 4 маусым Қазақстанда «Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде мерекеленеді.












Discussion about this post