Астана қаласында 2023 жылғы 3-4 қазанда Қазақстанның төрағалығымен Kazakhstan Energy Week-2023 және XV KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының энергетикалық форумы өтеді. Бұл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.Смадияров брифингте хабарлады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша форум жұмысына ұйымға мүше мемлекеттердің бейінді ведомстволарының, байқаушылары мен әріптестерінің диалог бойынша басшылары қатысады. Делегация басшылары ШЫҰ шеңберінде энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық тәсілдерін талқылайды және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шешімдер қабылдау мүмкіндігін қарастырады.














