Астрахандағы Иранның Бас консулы Меһди Акочкиан Астрахаy мен Иранның Рашт немесе Сари қалаларының бірі арасында тікелей рейс ашу туралы ұсыныс жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Астрахандағы Бас консулы Меһди Акочкиан ИРНА агенттігіне берген сұхбатында Астрахан мен Иранның Рашт немесе Сари қалаларының бірі арасында тікелей рейс ашу туралы ұсыныс жасағанын айтты.
Меһди Акочкиан Астрахан облысы мен Иран арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға тоқталып, соңғы жылдары тараптар арасындағы тауар айналымының он есеге өскенін мәлімдеді.
Акочкиан Астрахан мен Иран арасындағы қарым-қатынас тарихы үш жүз жылдан астам уақытқа созылғанын баса айтты. Ол Астрахан мен Иран провинциялары арасындағы байланыстың көпсалалы және даму үстінде екенін, сонымен қатар, екі тараптың да Сари немесе Рашт қалаларымен тікелей әуе қатынасын орнатуға мүдделі екенін баса айтты.
Бас консул соңғы жылдары Астрахан университеттерінде ирандық студенттер санының және екі ел арасындағы кәсіпкерлер іссапарларының айтарлықтай өскенін айтты.
Консулдың айтуынша, Рашт немесе Сари қалалары мен Астрахан арасындағы ұшу уақыты шамамен бір сағат жиырма минутты құрайды.
Бас консул қазіргі уақытта Рашт немесе Сари қалалары мен Астрахан арасында тікелей әуе қатынасының іске қосылмағанын жетіспеушілік деп атады.


















