Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады.
Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді.
Айта кетсек, кеше, жексенбі, 10 қыркүйек күні ЭКСПО алаңында «Футбол жолы» спорт фестивалі өтті. Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.




















