Авазада БҰҰ-ның конференциясында Орталық Азия елдерінің Ұлттық күндері өтеді.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Үкімет отырысында Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов мәлімдеді.
Орталық Азия елдері 5-8 тамыз аралығында Каспий теңізінің Түркіменстан жағалауындағы Авазада өтетін БҰҰ-ның Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі конференциясы аясында Ұлттық күндерін өткізеді.
Рашид Мередов 21-24 сәуір аралығында Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға барған сапарларының қорытындысын баяндады.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, сапар барысында Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов сапарында Орталық Азия елдерін БҰҰ-ның алдағы конференциясына қатысуға шақырды.
Рашид Мередов сөзінің жалғасында: “Бұл көпжақты платформа аймақтағы елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты көрсетуге арналған. Сондай-ақ, Орталық Азияның әрбір мемлекеті Авазада өзінің Ұлттық күнін өткізе алады”, — деді.












