Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи бастаған делегация Оман астанасы Масқат қаласына келіп жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Бақайи ирандық делегацияның Оман астанасы Масқат қаласына келген кезде өзінің X аккаунтында: “Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи және оның қасындағы делегация Масқатқа Оман Сыртқы істер министрінің арағайындығымен өтетін Иран мен Америка келіссөздерінің үшінші кезеңіне қатысу үшін келді. Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы Иран халқының заңды құқықтарын қорғауға бел будық. Сонымен қатар, ядролық бағдарламамыздың бейбіт сипатына кепілдік беру үшін ақылға қонымды қадамдар жасауға дайынбыз.
Иран халқына қарсы заңсыз әрі адамгершілікке жатпайтын санкцияларды объективті және жылдам түрде тоқтату біздің басымдығымыз болып табылады. Қарсы тараптың қаншалықты байсалды әрі әділ, шынайы келісімге дайын екенін байқау қажет”,-деді.

















