Тегерандағы Ауғанстан елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ауғанстан елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне Теһрандағы 38-ші Ислам бірлігі халықаралық конференциясында орын алған оқиғаға байланысты шақырылды.
Иран президенті Масуд Пезешкиан да болған жиында Иранның әнұраны ойналып жатқан кезде «Талибан» қозғалысының өкілі шейх Азиз Рахман Мансур орнынан тұрмаған.
Иран СІМ Оңтүстік Азияның екінші департаментінің басшысы Ауғанстан дипломатиялық миссиясының басшысын шақырып, Ауғанстанның діни өкілінің әрекеттерін айыптап, әрекетті «Ислам бірлігі конференциясына қатысудың жоғары мақсаттарына сәйкес келмейді» деп атаған.
Ауғанстан елшілігінің басшысы олардың өкілінің әрекеті ешбір жағдайда елдің ұстанымын білдірмейтінін баса айтып, оны жеке көзқарастың көрінісі деп түсіндірді.
Оқиғадан кейін конференцияға қатысушы Ауғанстан өкілі өзінің әрекеті үшін кешірім сұрап, ешкімді ренжіту немесе сыйламау ниеті болмағанын айтып, видео жариялаған.
Айта кетейік, кеше, 19 қыркүйек күні Тегеранда әртүрлі ислам елдерінің ойшылдары мен ғұламаларының қатысуымен 38-ші Халықаралық ислам бірлігі конференциясы басталды.
















