Eurasiatoday
Пятница, 27 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Қазақстан делегациясы Сауд Арабиясындағы ИЫҰ кезектен тыс cаммитіне қатысты

  • ТОП жаңалықтар
  • 13 ноября, 2023 09:56

Loading

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс бірлескен саммитіне қатысты, деп хабарлайды Kazinform.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері қатысты. Қатысушылар Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен шешу, Палестинаға заңды аумақтарды қайтару қажеттілігі туралы пікір білдірді, сондай-ақ Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Саммитте сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайтынын мәлімдеді. Таяу Шығыс дағдарысын реттеу тек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде ғана мүмкін болатындығы аталып өтті.

Тақырыпқа орай:

Лавров: Қазақстан — Ресейдің сенімді көршісі және одақтасы

Лавров: Қазақстан — Ресейдің сенімді көршісі және одақтасы

11.04.2025

«Қазақстан Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақыра отырып, ИЫҰ-ға қатысушы елдермен ынтымақ танытты және танытуды жалғастыруда», – деді М.Нұртілеу және осы мақсатта Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының ү.ж. 27 қазандағы төтенше арнайы сессиясында Иордания Хашимит Корольдігі ұсынған атысты тоқтатуға шақыратын қарарға дауыс бергенін қоса жеткізді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы өкінішке орай бейбіт тұрғындар, оның ішінде тым көп балалар, әйелдер мен қарттар жанжалдың жазықсыз құрбаны болғанын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі уақытта Газа секторында жүрген және осы аумақтан кетуге мүмкіндігі жоқ ҚР азаматтарына қатысты жағдайға терең алаңдаушылық білдірілді.

Осыған байланысты М.Нұртілеу саммитке қатысушыларға Израиль СІМ басшысы Эли Коэнмен жақында болған телефон арқылы сөйлесуі барысында атысты дереу тоқтатуға және барлық тараптардың осы жанжалды бейбіт жолмен шешуін іздеуге шақырғанын жеткізді. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі басты басымдық екені аталып өтті.

Қазақстан Мысыр Араб Республикасының Газа азаматтарына медициналық және гуманитарлық көмек көрсету үшін дәліздер құру туралы шешімін жоғары бағалады. Өз кезегінде, еліміз Палестинаның бауырлас халқы үшін бір миллион АҚШ доллары көлемінде көмек берді және қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

ҚР СІМ басшысы халықаралық және гуманитарлық ұйымдарға Газа секторындағы қазіргі аса күрделі жағдайға араласуға өтініш білдіріп, Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолданыстағы тетігін пайдалануды ұсынды.

Саммит қорытындысы бойынша қатысушылар Газа секторы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина территорияларының ажырамас бөлігі болып табылатындығы туралы қарар қабылдады. Израильге сектордағы қарулы қақтығыс үшін жауапкершілік жүктелді. АМЛ және ИЫҰ елдері палестиналықтарды қолдау үшін қаржылық қауіпсіздік жүйесін құруға келісті.

Саммит барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Пәкістан Премьер-министрі Анвар-уль-Хак Какармен, Бангладеш Сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Моменмен, Бенин Сыртқы істер министрі Шегун Аджади Бакаримен, Малайзия Сыртқы істер министрі Сайфуддин Абдулламен, Нигерия Сыртқы істер министрі Джефри Онеямамен, Оман Сыртқы істер министрі Асад бин Тарикпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысы Хисейн Брахим Тахаймен сөйлесті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар М. Нұртілеу Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі – Қазақстан-Сауд Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Халид Әл-Фалихпен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы, Іскерлік кеңестің 1-ші отырысы және екі ел арасындағы Инвестициялық дөңгелек үстел сияқты бірлескен алдағы іс-шараларға дайындық барысын талқылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ұйымы (2011 жылға дейін – Ислам Конференциясы Ұйымы) 1969 жылы құрылған. ИЫҰ Бас хатшылығы Джидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) орналасқан.

Қазіргі уақытта ИЫҰ – жалпы халқы 1,7 миллиардтан асатын 57 мүше мемлекеті бар және БҰҰ-дан кейінгі екінші ірі халықаралық ұйым. Қазақстан 1995 жылдың желтоқсанында ұйымға мүше болды.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Ислам ынтымақтастығы ұйымыҚазақстан делегациясыМұрат НұртілеуСауд Арабия
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Лавров: Қазақстан — Ресейдің сенімді көршісі және одақтасы

Лавров: Қазақстан — Ресейдің сенімді көршісі және одақтасы

11.04.2025
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сұхбаттасты

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сұхбаттасты

01.08.2024
Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары Астанада келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары Астанада келіссөз жүргізді

09.07.2024
ШЫҰ  отырысына Иран СІМ басшысының орынбасары Махди Сафари қатысты

ШЫҰ отырысына Иран СІМ басшысының орынбасары Махди Сафари қатысты

21.05.2024
Иран Сауд Арабиясымен бірлескен сауда палатасын құруға дайын

Иран Сауд Арабиясымен бірлескен сауда палатасын құруға дайын

13.05.2024
Алматыда Әзірбайжан мен Армения СІМ басшыларының жабық  келіссөзі өтті

Алматыда Әзірбайжан мен Армения СІМ басшыларының жабық келіссөзі өтті

11.05.2024
Минскіде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Минскіде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

11.04.2024
ИЫҰ кезектен тыс отырысында Газа секторындағы жағдайды талқылайды

ИЫҰ кезектен тыс отырысында Газа секторындағы жағдайды талқылайды

02.03.2024
Қазақстанның ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанның ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды

17.02.2024

Басты жаңалықтар

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран ислам елдерін Израильге қарсы санкциялар енгізуге шақырды

Иран ислам елдерін Израильге қарсы санкциялар енгізуге шақырды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.