Қазақстан армиясы Global Firepower-2024 рейтингі бойынша Орталық Азия елдері арасында үздік атанды.
Globalfirepower.com сайтында жарияланған әлемдік әскери күштің рейтингі бойынша Қазақстан 145 елдің ішінде 58 орынды иемденді.
Жалпы әскери рейтингті анықтау барысында 60 критерийге мән берілді.
Оның ішінде әскери бөлімшелер саны, адами ресурс, ел экономикасының әлеуеті, технологиялық даму, әскери саладағы реформалар, географиялық орны, әскердегі түрлі техника мен оны модернизациялау мүмкіндігі, мемлекеттің сатып алу қабілеті және тағы басқа факторлар назарға алынды.
ТМД елдерінің ішінде Әзірбайжан 59 орында, Беларусь 64 орында, Өзбекстан 65 орында, Түркіменстан 83 орында, Қырғызстан 100 орында, Армения 102 орында және Тәжікстан 107 орында тұр.
Әскери күшінің ең жоғары көрсеткіштері бар елдер АҚШ, Ресей және Қытай болса, рейтингтің соңғы орнында Бутан орналасқан.
Айта кетсек, Қазақстан армиясы 2022 жылы 64-орында, былтыр 63-орында болды.



















