Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің жауапты тұлғалары мен Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен және сауда министрі 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте қол қойған Еркін сауда келісімін құптады.
Ақорданың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде мәлімдеді.
Тоқаев осы күрделі кезеңде үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық байланыстарды дамыта отырып, сыртқы саясатта ЕАЭО-ның әлеуетін кезең-кезеңімен нығайту маңызды екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысы: «Біз Иранмен Еркін сауда туралы толық форматты келісімге қол қоюды құптаймыз. Бұл ел біздің сауда-экономикалық байланысымызда маңызды рөл атқарады. Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Индонезия, Моңғолия және басқа да мүдделі елдермен осы бағыттағы мақсатты жұмысты жалғастырған жөн, – деді.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Еркін сауда келісіміне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жауапты тұлғалары мен Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Аббас Әли-Абади комиссия қол қойды.



















