АҚШ Президенті Байден Украина Президенті Владимир Зеленскийді ертең, желтоқсанның 12 күні Ақ Үйде қабылдайды.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-на сапары сапары туралы хабар Ақ Үйдің ресми сайтында жарияланды.
АҚШ Президентінің баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьердің мәлімдемесіне сәйкес, «Президент Байден Украина президенті Владимир Зеленскийді сейсенбі, 12 желтоқсанда Ақ үйге кездесуге шақырып, Америка Құрама Штаттарының Украина халқын Ресейдің басқыншылығынан қорғауда қолдау көрсетуге деген мызғымас ұстанымын қуаттайды».
Украина Президенті кеңсесінің Telegram желісіндегі хабарламасы бойынша, Владимир Зеленский 11 желтоқсанда Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарын бастайды. Украина президенті АҚШ президенті Джозеф Байденмен кездесіп, бірқатар кездесулер мен келіссөздер жүргізеді.



















