Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Реза Наджафимен кездесу өткізді.
Түркіменстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Түркіменстан мен Иран арасындағы саяси диалогты нығайту үшін жоғары деңгейдегі сапарлар мен келіссөздердің маңызды рөлін атады.
Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, атап айтқанда, газ, электр энергетикасы және көлік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Соның ішінде осы жылдың қараша айында Ашхабадта өткізілген сауда-экономикалық іс-шаралар мен келіссөздердің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, тараптар екі ел халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлерінің ортақтығына байланысты екіжақты қатынастардың негізгі бағыттарының бірі ретінде мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігін баса айтты.



















