Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің кеңесшісі Әли Лариджани Дамаскіде Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, екіжақты байланыстарды талқылады.
Еуразия Тудейдің Fars news агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кездесуде Президент Башар Асад пен Әли Лариджани аймақтағы оқиғаларды, соның ішінде сионистік режим агрессиясының күшеюі мен сионистердің Палестина мен Ливанға үздіксіз шабуылдары және осы шабуылдарды тоқтату жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ кездесуде екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастар мен байланыстарды екі елдің халқы пен аймақ халқының игілігі үшін нығайту жолдары талқыланды.
Сирия Президенті Палестина мен Ливан халқының қарсыласуын барлық мүмкін жолдар арқылы жан-жақты қолдап, сионистік режимнің жаппай қыруы мен геноцидін тоқтату қажеттігін баса айтты.
Өз кезегінде Әли Лариджани Иранның Сирияны қолдайтынын айтып, елінің жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
















