ҚР Сауда министрі Арман Шаққалиев қазақстандық кондитерлік фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды.
Еуразия Тудейдің Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл туралы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.
Арман Шаққалиев Қостанайдың символына айналып, отандық өндірістің мақтанышы саналатын «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасына барғанда ақпан айында өтетін Қазақстанның Тегерандағы сауда-экономикалық миссиясы аясында фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды.
Сауда министрі: «Сату географиясын кеңейту зауытқа қуаттылықты арттыруға көмектеседі және «Made in KZ» брендін халықаралық аренада ілгерілетуге қолдау көрсетеді», — деді.
Айта кетейік, зауыт 1974 жылдан бастап кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, тәулігіне 240 тоннадан астам өнім шығарады.
















