Әзірбайжанның Экономика министрлігі Қытайда тағы бір кезекті сауда үйін ашты.
Бейжіңдегі төртінші Әзірбайжан Сауда үйі Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.
Бұл елдер арасындағы мәдени алмасу мен сауданың серпінді алаңы болмақ.
Бейжіңде өткен Әзірбайжан Сауда үйінің салтанатты ашылу рәсіміне Әзірбайжан Экономика министрі Микаил Джаббаров қатысты.
Микаил Джаббаров Сауда үйінің салтанатты ашылу рәсімінде Шанхай, Харбин, Цзинань және Уханьда қазірдің өзінде төрт Әзірбайжан сауда бөлімшелері бар екендігін атап өтті.
Сонымен қатар Қытайдың басқа қалаларындағы Әзірбайжанның үш сауда үйі өз жұмысын сәтті атқарып жатқаны атап өтілді.



















