Иран, Қытай және Сауд Арабиясы арасындағы үшжақты келіссөздердің төртінші кезеңі Бейжіңде өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Маджид Тахт-Раванчи мәлімдеді.
Маджид Тахт-Раванчи Tasnim агенттігіне берген сұхбатында аймақтық ынтымақтастық бойынша үшжақты келіссөздер бастамасы алдағы уақытта та жүзеге асатынын, үш елдің өкілдері Бейжіңде үшжақты келіссөздердің төртінші кезеңін өткізу үшін бас қосатынын айтты.
Айта кетейік, 9 желтоқсан күні Тегеранда Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Валид әл-Хурейджи және Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Мяо Дэюймен үшжақты келіссөздердің үшінші кезеңін өткізді.



















