Түркия Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жуырда АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзіне қатты реакция танытты.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун Беньямин Нетаньяхудың АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзін қатты сынға алып, оны «ұят оқиға» деп атады.
Түрік шенеунігі соғыс қылмыстарына жауапты саясаткерге алаң беру Вашингтонның бейбіт азаматтардың өміріне немқұрайлы қарайтындығын көрсететінін баса айтты. Ол Нетаньяхудың сөзін өзін адам құқықтары мен демократиялық құндылықтардың қорғаушысы ретінде көрсететін АҚШ Конгресінің беделіне «ауыр дақ» деп атады.
Фахреттин Алтун АҚШ Конгресін Израильге қаржылық және әскери қолдау көрсету арқылы Газа секторында «қылмыстық соғысты» қолдады деп айыптап, мұндай саясатты тоқтатуға шақырды.
Алтун сөзін қорытындылай келе, жас ұрпақ Палестинадағы оккупация мен геноцидтің шындығын түсінетініне және палестиналықтар ақырында толық егемендікке қол жеткізетініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Вашингтонға 22 шілде күні келді. Ол сапары аясында АҚШ Конгресінің екі палатасында сөз сөйлеп, Газа секторындағы Израильдің соғыс қимылдарына қарсы шерулерге қатысушыларды айыптады.



















