Германияның Bild газеті ДАИШ Нидерланды мен Германияға шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы жасағанын хабарлады.
Германияның Bild газеті кеше, сәрсенбі күні ДАИШ-тың веб сайтына сілтеме жасап, осы лаңкестік ұйым Германиядағы Кельн карнавалы және Бавариядағы осыған ұқсас бағдарламалар мен Нидерландыда лаңкестік шабуылдарды жүзеге асыратынын хабарлады.
Германия газеті жалғасында лаңкестік ұйым ақпанның 27 күні Кельндегі бірнеше карнавалға шабуыл жасауды мақсат ететіні туралы уәж айтқанын, сонымен қатар наурыздың 3 күні де Нюрнбургтегі осындай бағдарламаларға шабуыл жасауды көдейтінін мәлімдеген.
Bild газетінің жазуы бойынша осындай бағдарламалар мен іс-шараларға жыл сайын бірнеше мың адам қатысады.
ДАИШ сондай-ақ өзінің интернет сайтындағы мәлімдемесінде Нидерландыдағы Роттердам қаласында өтетін іс-шараға да шабуыл жасайтынын хабарлады.
Германия полициясы мен қауіпсіздік күштері ДАИШ-тың лаңкестік қоқан-лоққысынан хабардар болғандықтан толық дайын жағдайда тұр. Алайда олардың лаңкестікке тойтарыс беру әрекеттері мен операцияларының жай-жапсары толығымен құпия.
Германия полициясы және қауіпсіздік департаментінің қызметккерлері ұсынған мәліметтерге сәйкес, аталған лаңкестік ұйым мұндай шабуылдар жасауға әзір емес. Олардың мақсаты — шабуыл жасау үшін жасырынып жүрген әлеуетті лаңкестерді арандату.
Айта кетейік, Германия соңғы айларда бірнеше лаңкестік шабуыл жағдайымен бетпе-бет келді. Осы елде лаңкестер көлікпен жаяу жүргіншілерді басып немесе адамдарға пышақ жұмсап, лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырды.
















