АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сионистік режимге Газа соғысы кезінде Ливандағы шиеленістің артуына жол бермеу қажеттігін ескертті.
Еуразия Тудейдің ISNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті Энтони Блинкеннің кеше, бейсенбі күнгі кездесуінде сионистік режимнің басшыларына Газа соғысы кезінде Ливандағы шиеленістің артуына жол бермеу қажеттігін айтқанын хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, осы елдің Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік кеңесшісі Цахи Ханегби және осы режимнің стратегиялық істер министрі Рон Дермермен кездесті.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Блинкен Газаға гуманитарлық көмекті ұлғайту және соғыстан кейінгі үкімет, қауіпсіздік және қайта құруды жоспарлау үшін қосымша шара қабылдау қажеттігін баса айтты.
Палестинаның «Сама» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша кездесуде Блинкен сонымен қатар Ливанда шиеленістің күшеюіне жол бермеу және дипломатиялық шешім жолына қол жеткізудің маңыздылығын қуаттады.
Блинкен кездесудің жалғасында Вашингтондағы Израиль делегациясымен Газада атысты тоқтатуға және сионистік тұтқындарды босатуға бағытталған талпыныстар туралы сөйлесті.
















