Болгария Иранмен диалогты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Болгария Сыртқы істер министрі Велислава Петрова Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Велислава Петрова Болгарияның Иранмен өзара сенім мен көпжылдық ынтымақтастыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасқа басымдық беретінін баса айтты.
Велислава Петрова мен Аббас Арақчи екіжақты диалогты алдағы уақытта да белсенді түрде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Сондай-ақ, тараптар Болгариядағы Безмер әскери әуе базасына Америка Құрама Штаттарының жанармай құюға арналған әскери ұшақтарының орналастырылуына қатысты мәселені талқылады.
Велислава Петрова Болгария аумағынан Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ешқандай тікелей әскери операциялардың жүргізілуіне жол берілмейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Безмер базасына америкалық ұшақтарды орналастыру туралы шешім Америка Құрама Штаттарының ресми өтініші негізінде, Болгарияның одақтастық міндеттемелеріне, ел Конституциясы мен ұлттық заңнамасына сәйкес Ұлттық жиналыс тарапынан қабылданған.
Министр бұл шешімнің Софияның Иранға қатысты саяси ұстанымына ешқандай әсер етпейтінін баса айтты.



















